Бүгін Қазақстанда Аналар күні атап өтіледі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мамыр айының екінші жексенбісінде елімізде жүрекке жылу сыйлайтын мейрамдардың бірі – Аналар күні атап өтіледі. Бұл күн ананың әр адамның өміріндегі, оны тәрбиелеудегі, отбасылық құндылықтарды нығайтудағы және қоғамды қалыптастырудағы айрықша маңызын көрсететін ерекше мереке.

Барша аналарға зор денсаулық, амандық пен бақыт тілейміз. Балалар әрдайым өз жетістіктерімен қуанта берсін, әр шаңырақта береке орнасын.

Аналарымызға шексіз махаббаттары мен бізге деген сенімдері үшін алғыс айтамыз.

Мереке құтты болсын, ардақты аналар!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-ozernyi/press/news/details/992978?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді