Бүгін — Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталғанына 80 жыл. Ұрпақтар сабақтастығы мен ерлік даңқын ұлықтайтын мерекені атыраулықтар да айрықша құрметпен атап өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

“Мәңгілік алау» монументінің алдында өткен салтанатты шараға аймақ басшысы Серік Шәпкенов, мемлекеттік орган басшылары, мәслихат депутаттары, тыл ардагерлері, Чернобыль апатының салдарын жоюға атсалысқандар, еңбек ұжымдары мен қала тұрғындары қатысты. Олар монументке гүл шоқтарын қойып, майдангерлер рухына тағзым етті.

Шараға қатысушылар майдан даласында қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Одан соң әскери оркестр Мемлекеттік Әнұранды орындады.

Тұрғындар Кеңес Одағының Батыры, «Қанатты қыз» атанған ұшқыш Хиуаз Доспанованың ескерткішін де гүл шоқтарымен көмкеріп, аты аңызға айналған жерлесімізді еске алды. Оның есімі ел тарихында батырлық пен рухтың символы ретінде мәңгі сақталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/992675?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді