
Құрметті ауыл тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді бүгінгі 9 мамыр — Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл — батырларымыздың ерлігі мен елге деген адалдығын еске алатын, қасиетті әрі тағылымды күн. Ұрпаққа аманат болған бейбіт өмір мен тәуелсіздіктің қадірін ұғына отырып, ардагерлерімізге мәңгілік құрмет көрсету — бәріміздің борышымыз.
Баршаңызға денсаулық, бейбіт өмір және бақ-береке тілеймін!
Құрметпен,
Бестамақ ауылдық округінің әкімі
Қанат Сағынғалиұлы Дәулеталин
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-bestamaq/press/news/details/992760?lang=kk
Жауап қалдыру