Дебат турнирі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

        Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің «Тарбағатай жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де 2025жылы 30 сәуір күні Аягөз ауданы білім бөлімі оқу, ғылыми, ұйымдастырушылық, әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес Ұлы Жеңістің 80 жылдығы және белгілі журналист, саясаткер, ауыл тумасы Рахат Мамырбекті еске алуға арналған аймақтық дебат турнирі жоғары деңгейде өтті.
       Аталған ауқымды шарада Тарбағатай мектебінің оқушылары үздік ойын өрнегін көрсетіп, Бас жүлдені жеңіп алды. Бұл жеңіс — мектеп ұжымының жүйелі дайындығының, оқушылардың терең білімінің, ал ұстаздардың бағыт-бағдар беруіндегі мықты тәжірибесінің нәтижесі.
       Мектеп ұжымы мен жеңімпаз оқушыларды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік белестерден көріне берулеріне тілектеспіз!

#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Аягөз
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/992940?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді