
Аманкелді ауылдық округі әкімдігі және ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Ұлы жеңістің 80 – жылдығымен қатар келген туылғанына 125 жыл толған майдангерлер Әбдінабиев Айтмұханбет, Миянов Уалихан, туылғанына 120 жыл толған майдангерлер Жүсіпов Жұмабек, Яиков Сүлеймен, туылғанына 115 жыл толған майдангерлер Уәлиев Әбдікәрім, Әбенов Нұрмахан, Жүнісіов Сейтен, Нұрманов Мұңайтпас, туылғанына 110 жыл толған майдангерлер Сейдалиев Әбдірәсіл, Құлымбетов Қазыбек, туылғанына 100 жыл толған майдангерлер Айдынбаев Ералхан, Оралбаев Балабай аталарымыздың ұрпақтарының демеушілігімен Қазақша күрестен ауыл тұрғындары мен жастар арасында турнир ұйымдастырылды.
Шараны ауыл әкімі Зейнұр Қайраддинұлы және майдангерлердің ұрпақтары арнайы ашып, Отан қорғаушылар күні мен құттықтап жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Турнир 5 салмақ дәрежесінде;
– 29 кг салмаққа дейін
– 35 кг салмаққа дейін
– 50 кг салмаққа дейін
– 74 кг салмаққа дейін
+ 74 кг салмақтан жоғары Түйе палуандар арасында өткізілді.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне демеушілердің дайындаған дипломдары мен ақшалай сыйлықтары 9 мамыр күні қорытынды іс-шарада табыс етілетін болады.
Аманкелді а/о әкімдігі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya-amangeldi/press/news/details/993044?lang=kk
Жауап қалдыру