
⚜️⚜️⚜️2025 жылғы 6-8 мамыр аралығында Ескелді ауылдық округінің әкімі Т. Балшенов, Мәдениет үйінің директоры А. Уркимбекова, ауылдық дәрігерлік амбулаторияның меңгерушісі С. Кусаинова тыл еңбеккерлері — Елена Ким, Людмила Шкуркина және Людмила Теннің үйлеріне барып, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жанқиярлық еңбектері үшін алғыстарын білдірді.
Тыл ардагерлеріне гүл шоқтары мен азық-түлік себеттері табысталып, ризашылық пен құрмет сөздері айтылды.
Бұл кездесу аға буынға деген шынайы қамқорлықтың белгісі болып, жас ұрпақ үшін патриоттық тәрбиенің маңызды сабағына айналды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eskeldi/press/news/details/992026?lang=kk
Жауап қалдыру