
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұханов Мұрат Сейтмолдаұлы Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.
Қауіпсіздік саласындағы көп жылғы адал қызметі мен кәсіби біліктілігі үшін берілген мемлекеттік марапатты ҚР Төтенше жағдайлар министрі салтанатты түрде табыстады.
Мұрат Мұхановтың басшылығымен өңірде төтенше жағдайлардың алдын алу, оларды болдырмау және жедел әрекет ету бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Мұрат Сейтмолдаұлы 2006 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын, 2020 жылы Ресей Федерациясының Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың салдарын жою істері министрлігіне қарасты Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің Санкт-Петербург университетін тәмамдаған.
Алғашқы еңбек жолын Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының нормативтік-техникалық бөлімінде инженер қызметінен бастаған. 2006 жылдан бері мемлекеттік өрт бақылау бағыты бойынша әртүрлі жауапты лауазымдарды атқарып, 2024 жылы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып тағайындалды.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/991592?lang=kk

Жауап қалдыру