
Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Гүлназ Сүлейменованың төрағалығымен мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша комиссия отырысы өтті.
INDIGO24.KZ платформасы арқылы өтініш білдірген 9 жекеменшік балабақшаның құжаттары қаралды. Нәтижесінде тек екі ұйымның құжаттары талаптарға толық сәйкес деп танылды. Қалған жеті балабақшаға екі жұмыс күні ішінде анықталған кемшіліктерді жою туралы хабарлама жолданады.
Түзетілген құжаттар ақпараттық жүйеге қайта жүктелген соң, бес жұмыс күні ішінде комиссия мүшелері балабақшаларға барып, тексеру жұмыстарын жүргізеді.
https://www.facebook.com/share/r/1CZvFocmcF/
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/press/news/details/991863?lang=kk
Жауап қалдыру