Муай тай бойынша турнирде жігерліктер он үш медаль жеңіп алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аты аңызға айналған «Динамо» спорт қоғамының 100 жылдығына арналған қоян-қолтық жекпе-жектен екі күндік ашық облыстық турнирде облыстың барлық өңірлерінен үздік жас жауынгерлер жиналды. Бұл жай ғана турнир емес – бұл күш, батылдық және спорт мерекесі болды.

Әсіресе, бұл күндері Павлодар қаласының білім беру бөлімінің «Жігер» балалар – жасөспірімдер орталығының тәрбиеленушілері ерекше көзге түсті. Олар орталықтың қоржынын 8 – 9 жас, 12 – 15 жас аралығындағы қатысушылар арасында 10 алтын, 3 қола медальмен толықтырды. Ал, 9 жастағы Сабыржанов Абылайхан 8 – 9 жастағы қатысушылар арасында «Үздік техника үшін» жүлдесін жеңіп алды.

Марапаттау рәсімінде жаттықтырушылар Дамир Фатхутдинов пен Фархат Ахметов – Бұл балалар – біздің болашағымыз. Бүгінде олар тек техника мен соққыларды көрсетіп қана қоймай, мінезін, командалық рухын және қарсыласына деген құрметін көрсетті. Олармен жұмыс істеу біз үшін мәртебе, – деп оқушылардың жетістіктеріне қуанып, мақтанышпен пікірлерімен бөлісті.

Жас жауынгерлер медальдарды ғана емес, оларды одан да күшті ететін баға жетпес тәжірибені алды. Турнир өсу мен жаңа биіктерге ұмтылу сахнасына айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/993049?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді