
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда бойынша өкілі Берікбол Байхожаев Ұлттық алдын алу тетігі қатысушылары тобының жетекшісі Жапырак Узакбаевамен бірге “Облыстық балалар оңалту орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барды.
Бару барысында қызмет алушылардың тұру және қызмет көрсету жағдайларымен танысты. Орталық ғимаратының жағдайына ерекше назар аударылып, оның жөндеуді және жаңартуды қажет ететіні атап өтілді. Сондай-ақ, балалар үшін жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау мақсатында қажетті инфрақұрылым элементтерімен қамтамасыз ету қажеттілігі де айтылды.
Орталықтың негізгі мақсаты: 0 – 18 жас балалар арасында есту, көру, сөйлеу тілі қабілеттері, тірек-қимыл аппараты, эмоциялық-еркі саласы бұзылған, ақыл-ой кемістігі (орташа және ауыр ақыл – ой кемістігі), оқуда қарым – қатынас жасауда, мінез-құлқында қиындықтары бар балалар мен жасөспірімдерге психологиялық-педагогикалық түзету және оңалту түрінде кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсету болып табылады.
Оңалту орталығында жас ерекшеліктеріне қарай 5 топта 50 бала қамтылған. Түзету – дамыту жұмысы III бағыт бойынша іске асырылады: педагогикалық психологиялық оңалту, медициналық – сауықтыра оңалту, әлеуметтік – педагогикалық кеңес.
Өкіл орталықтың жұмыс тәртібімен танысып, қызмет алушылардың тұрмыстық жағдайларын, тамақтану сапасын, төсек-орын жабдықтарының жағдайын зерделеді.
Орталықтың жұмысымен танысу барысында жұмысты жүйелі ұйымдастыру үшін әлі де шешімін қажет ететін мәселелер бар екені анықталды.
Медициналық және құқықтық көмекке қолжетімділік, оқшаулаудың сақталуы және қорғану құқығының қамтамасыз етілуі қаралды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/992093?lang=kk
Жауап қалдыру