
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда бойынша өкілі Берікбол Байхожаев Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларымен бірге “Жас жеткіншектерді әлеуметтік бейімдеу орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барды.
Бару барысында қызмет алушылардың тұру және қызмет көрсету жағдайларымен танысты. Орталық ғимаратының жағдайына ерекше назар аударылып, оның жөндеуді және жаңартуды қажет ететіні атап өтілді. Сондай-ақ, қызмет алушылар үшін жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау мақсатында қажетті инфрақұрылым элементтерімен қамтамасыз ету қажеттілігі де айтылды.
Жастар үйінде балалар ауылдарының тәрбиеленушілері мен жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйлерінің, мектеп-интернаттардың түлектері үшін 16-дан 23 жасқа дейінгі әлеуметтік бейімделуден өтуіне арналған 47 жатын орын қарастырылған.
Орталықта барлығы 18 бала тәрбиеленуде, олардың ішінде 5 қыз және 13 ұл балалар. 7 бала кәмелет жасына толмаған, ал қалған 11-і – кәмелет жасқа толмаған балалар.
Жастар үйінің негізгі мақсаты – балалар ауылдарының тәрбиеленушілері мен балалар үйлері, мектеп-интернаттардың түлектеріне (әлеуметтік бейімделуден өтуші тұлғаларға) өз қалауы бойынша, соның ішінде еңбек нарығына бейімделе отырып, қоғамға сәтті кірігуіне көмек көрсету.
Әлеуметтік бейімдеу мақсатында Жастар үйі келесі міндеттерді атқарады: қоғамдық өмірге әлеуметтік бейімделу үшін жағдай жасау; жеке қабілеттердің дамуына жәрдемдесу және кәсіби даярлықпен қамтамасыз ету; жұмысқа орналасуға қолдау көрсету.
Өкіл орталықтың жұмыс тәртібімен танысып, қызмет алушылардың тұрмыстық жағдайларын, тамақтану сапасын, төсек-орын жабдықтарының жағдайын зерделеді.
Орталықтың жұмысымен танысу барысында жұмысты жүйелі ұйымдастыру үшін әлі де шешімін қажет ететін мәселелер бар екені анықталды.
Медициналық және құқықтық көмекке қолжетімділік, оқшаулаудың сақталуы және қорғану құқығының қамтамасыз етілуі қаралды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/991994?lang=kk
Жауап қалдыру