
2025 жылғы 28-29 сәуірде департамент басшысы Е.Т. Темірхан Астана қаласында өткен «Қауіпсіз еңбек: жаңа сын-қатерлер мен цифрлық шешімдер» Форум-көрмесіне қатысты.
Іс-шара жыл сайын 28 сәуірде әлемнің барлық елдерінде Халықаралық еңбек ұйымының бастамасымен өткізілетін Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орайластырылған.
Форум мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, кәсіподақтардың, сарапшылар қауымдастығы мен бизнестің өкілдерін біріктірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-enbek/press/news/details/992355?lang=kk
Жауап қалдыру