
София, 2025 жылғы 9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Елші Виктор Темірбаев бастаған Қазақстан Елшілігінің дипломаттары София қаласындағы Кеңес жауынгерлерінің бауырластар зиратына гүл шоқтарын қойып, қаза тапқандарды еске алды.
Сондай-ақ, ҚР-дың Құрметті консулдарының көмегімен соғыс жылдары қаза тапқан қазақстандық жауынгерлер жерленген Болгарияның басқа да – Бяла, Пазарджик, Суворово және Старо Загора қалаларында гүл шоқтары қойылды.
Отан үшін қаза тапқан батырлар мәңгі есімізде!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-sofia/press/news/details/992680?lang=kk
Жауап қалдыру