Құрметті ақкөлдіктер! Қымбатты тыл еңбеккерлері, жерлестер!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті ақкөлдіктер!

Қымбатты тыл еңбеккерлері, жерлестер!

 

          Сіздерді шын жүректен 9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймын!
          Адамзат тарихында өшпес із қалдырған сұрапыл соғыстың аяқталғанына 80 жыл толды.

 Бұл күн – қан майданда парыз бен намысты алға қойған, елі мен жерінің бостандығы үшін жан аямай, қараниет жауға төтеп берген, табанды да қайсар мінезді жауынгерлеріміздің және тылда тынымсыз еңбек еткен ағаларымыз бен апаларымыздың ерен ерлігінің, биік рухының мерекесі.
          Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі.

        Соғыс жылдары жауды талқандап, Жеңіс туын көтерген, жарқын бейбіт өмірдің дәнекері секілді, халықтың басына төнген ауыр күндерде Отан үшін  жауға қарсы қайсарлықпен күресе білді халық.
Қан майданда қаһармандықпен көрсеткен ерліктері бүгінгі ұрпақ ешуақытта ұмытпайды және қастерлеп мақтан тұтады.
         Ұлы Жеңіс күні Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, жарқын болашақ, бақ-береке әкелсін! Аспанымыз ашық, соғыс оты бізден қашық болсын! Ынтымақ бірлігіміз арта берсін!

 

 

Ақкөл аудандық

мәслихатының төрағасы                                         С. Абаханов

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aqqol/press/news/details/992241?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді