Құрметті аудан тұрғындары, ардагерлер!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Сіздерді Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – жанқияр ерлік пен еңселі елдіктің, қайсар рух пен отансүйгіштіктің мәңгілік символына айналған тарихи белес. Ұлы Жеңіс – күллі адамзат үшін әділет пен бостандықтың, бейбіт өмірдің бастауына айналған ұлы құндылық. Бұл күндері Отанға деген сүйіспеншілік пен айбындылық рухы салтанат құрып, жүректерде ел мен жерге деген шексіз алғыс сезімі тербеледі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, Қазақстан адамзаттың ортақ жеңісіне, жер бетінде әділдік пен бостандықтың орнауына өлшеусіз үлес қосты. Екінші дүниежүзілік соғыстың ауыр сындарынан сүрінбей өткен аға буынның ерен ерлігі мен маңдай тері – бүгінгі ұрпақ үшін отансүйгіштіктің, қажыр-қайрат пен жанқиярлықтың жарқын үлгісі болып қала бермек.
Бүгінде біз сол қаһарман ұл-қыздардың арқасында бейбіт өмір сүріп, алаңсыз еңбек етіп, болашаққа нық қадам басып келеміз. Олар алдында мәңгі қарыздармыз!
Ешкім де, ешқашан ұмытылмайды! Ардагерлерімізге деген құрмет – ел рухының, ұлт намысының айғағы.
Жеңімпаз ұрпақтың даңқты жолын бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның жастары лайықты жалғастырып келеді. Отанды шексіз сүйетін, елін қорғай білетін өскелең буын – жарқын болашағымыздың кепілі.
Ұлы Жеңіс мерекесі әрдайым бейбітшілікпен астасып, халқымыздың бірлігі мен қуанышын еселей түссін!
Аспанымыз ашық, еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!
Құрметпен,
Бәйтерек ауданының әкімі М.Тоқжанов

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-baiterek/press/news/details/993118?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді