Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! (07.05.2025)

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен — ерлік пен батырлықтың, елге адал қызмет етудің мерейлі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

1992 жылдың 7 мамырында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылған болатын. Бұл күн — ұлттық қауіпсіздігіміздің, тәуелсіздігіміз бен мемлекеттігіміздің нышаны болып табылады. Содан бері бұл дата еліміздің тыныштығы мен егемендігін қорғап жүрген барша әскери қызметшілерге деген терең алғыс пен құрметтің символына айналды.

Отан қорғау — үлкен абырой әрі зор жауапкершілік. Әрбір сарбаз — ерік-жігердің, тәртіптің, халқына адалдықтың үлгісі. Олар күн сайынғы қызметімен бейбіт өмірімізді қамтамасыз етіп, еліміздің болашағына сеніммен қарауға мүмкіндік беріп отыр.

Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елдік пен бірлік тілеймін! Үйлеріңізде әрдайым шаттық пен береке орнасын! Еліміз — қуатты, тәуелсіз әрі тұтас бола берсін!

Құрметпен,
Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Т. Зейнұлқабден

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-maslihat/press/news/details/992525?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді