Құрметті Жаңаөзен қаласының тұрғындары! Ардақты Отан қорғаушылар!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті Жаңаөзен қаласының тұрғындары!

Ардақты Отан қорғаушылар!

Сіздерді еліміздің ерлік пен елдікке толы айрықша мерекесі – 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!Бұл күн – қайсарлықтың, елге адалдықтың, Отанға деген шексіз сүйіспеншілік пен отансүйгіштіктің символына айналған мерейлі мейрам.

Бұл – мемлекетіміздің бейбіт тіршілігі мен тұрақтылығы үшін қалтқысыз қызмет етіп жүрген барлық азаматтарға, әскери сала мамандарына және ел тыныштығы жолында жан аямай еңбек етіп келе жатқан ардагерлерге көрсетілетін құрметтің көрінісі.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері – егемендігіміздің кепілі, халқымыздың қорғаны. Қарулы Күштердің сапында қызмет атқару – үлкен жауапкершілік пен құрмет. Бүгінгі таңда еліміздің тыныштығын қорғап, шекарамыздың шебінде тұрған ер-азаматтарымыз – нағыз батырлар!

Біздің Отан қорғаушыларымыздың қатарында – Жаңаөзеннің де талай ұл-қыздары бар. Олар әскери борышын адал атқарып, Тәуелсіз Қазақстанның қауіпсіздігін нығайту жолында абыройлы еңбек етіп келеді. Біз олардың ерлігі мен еңбегін әрдайым жоғары бағалаймыз.

Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне және әскери қызметін өткеріп, елге үлгі болып отырған зейнеткер сарбаздарымызға ерекше алғысымызды білдіреміз.

Сіздердің ерліктеріңіз – елдің рухы, ұрпақтың үлгісі.

Қымбатты жерлестер!

Осы айтулы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, бейбіт өмір, отбасы амандығы мен еліміздің тыныштығын тілеймін.

Отанға деген махаббат пен адалдық әр жүректен орын алсын!

Мемлекетіміздің айбыны асқақ, туы биік, келешегі кемел болсын!

Ізгі ниетпен, Жаңаөзен қаласының әкімі

Жансейіт Исаханұлы Қайнарбаев

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/992366?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді