Қымбатты ауылдастар, ардақты ардагерлер!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Сіздерді Ұлы Жеңістің 80 – жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Отанын қасық қаны қалғанша қорғаған жандардың ерлігі мәңгілік жадымызда сақталады. Уақыт сынаптай сырғып, жылдар өтсе де, ерлік ешқашан ұмытылмайды. Сол бір қаһарлы соғыс жылдары алыстаған сайын етігімен су кешкен ерлердің қадірін ұғына түсетіндейміз. Сондықтан да халық ұзақ күткен Ұлы Жеңісті жақындатуда майданда да, тылда да күрескен жанның барлығы айрықша құрметке ие!
Бүгінгі ұрпақ ардақты ардагерлеріміз танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Ерлікпен жеткен Жеңіс күні тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қалатыны сөзсіз. Баршаңыздың деніңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілеймін!
Құрметпен,
Аманкелді ауылдық округі
әкімі Жаманкулов Зейнұр Қайраддинұлы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya-amangeldi/press/news/details/993092?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді