
РАЙЗО БАЙДАЛЫҰЛЫНА«ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНДАҒЫ ЖЕҢІСКЕ 80 ЖЫЛ» МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛІ ТАБЫСТАЛДЫ
9 мамыр – Жеңіс күні мерекесіне орай аудан әкімі Ернар Есіркепов, аудандық мәслихат төрағасы Ербол Абуталипов және ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов ауданымыздың Құрметті азаматы, ауыл шаруашылығы саласының үздігі Райзо Байдалыұлы Шәділбековтің шаңырағына арнайы барып, мерекелік құттықтауларын жеткізді.
Кездесу барысында аудан басшысы Мемлекет басшысының атынан «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалін табысталды.
Райзо Байдалыұлы – балалық шағы соғыс жылдарымен тұспа-тұс келіп, сұрапыл жылдардың ащы дәмін ерте татқан, еңбек майданында шыңдалып, ел игілігі үшін елеулі үлес қосқан жан. Әкесі Байдалы Шәділбеков – 1941 жылы Мәскеу түбіндегі шешуші шайқаста ерлікпен қаза тапқан, Отан үшін жанын берген қаһарман.
Бүгінгі бейбіт өмір – сол майдангерлердің жанқияр ерлігі мен тылдағы азаматтардың маңдай терінің жемісі. Ардагерлерге құрмет – елдігіміздің айғағы, ұрпақтың рухани парызы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov/press/news/details/992637?lang=kk
Жауап қалдыру