
Аудан басшысы Арман Абдуллаев Қызылжар ауылдық округіне арнайы барып, Жаскешу елді мекенінде «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында бой көтеріп жатқан 900 орындық мектептің құрылыс жұмыстарының мән-жайымен танысып, мердігер мекеме өкілдерімен кездесті. Жауапты мекеме өкіліне құрылыс жұмыстарының қарқынын күшейтуді, сонымен қатар жоспарға сәйкес сапалы аяқтау қажет ескертті. Құрылыс жұмыстарының барысында туындаған мәселердің шешу жолдары бойынша жүйелі жұмыс атқаруды мердігерге, ауданның құрылыс және сәулет, қала құрылыс бөлімінің басшысы Ерғали Қосмұратовқа, ауыл әкімі Әбжаппар Рахымбердиевке тапсырды.
Бүгінде, мектеп ғимаратына инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылым жүйелерін тарту жұмыстары жүргізілуде.Табиғи газ құбырлары да тартылып, орталық газ жүйесіне қосылған. Интернет желісінің және ауыз су құбырларын орнату үшін құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, қосылу нүктесіне жалғанған. Білім беру ордасының аумағына жол төсеу және автотұрақ салу, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/992445?lang=kk
Жауап қалдыру