Семейде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік кеш өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семей қаласының Орталық алаңында 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жеңіс жолы» мерекелік концерт өтті.

Қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев тұрғындар мен қала қонақтарын құттықтады. Бейбіт күн жолында күрескен майдангерлердің, тыл ардагерлерінің ерлігіне тоқталды.

«Жеңіс тарихында Семей өңірінің алар орны айрықша. Мыңдаған жерлесіміз соғыстың алғашқы күндерінде майдан даласына аттанды. Тылда тер төккен аға-апаларымыздың еңбегі өлшеусіз. Халықтың бірлігі мен қажыр-қайраты Жеңіске жетеледі. Бүгін біз осы тарихи оқиғаның 80 жылдығына орай қала бойынша 80-нен астам тағылымды іс-шара өткіздік. Бұл – өткенге тағзым, болашаққа аманат! Сол аманатты ақтайық. Елге, жерге адал қызмет қылайық. Семей – Алаштың астанасы. Студенттер қаласы. Астана мен Алматыдан кейін ең көп жастар біздің қаламызда шоғырланған. Сол жастар қаламыздың таза, әдемі болуына ат салысып жатыр. Бір айдың ішінде жүргізілген сенбіліктің арқасында қаламыз біраз тазарып қалды, оны өздеріңіз де байқадыңыздар. Семейді жасыл желекті қалаға айналдырайық. Біз өз міндеттерімізді орындаймыз, сіздер де өздеріңіздің замандастарыңызды тазалыққа, айналаға деген қамқорлыққа шақырыңыздар», – деді Бекжан Бапышев.

Мерекелік кеште театрландырылған көріністер, би қойылымдары ұсынылып, патриоттық әндер шырқалды. Ал кештің басты қонақтары – эстрада жұлдыздары Маржан Арапбаева мен Айқын Төлепберген көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады.

Ұлы Жеңістің рухы – жүрегімізде, естелігі – жадымызда, үлгісі – ұрпақ санасында!

Мереке құтты болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/992956?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді