Тауарларды сақтау бойынша қызметтердің сапасын арттыру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Уақытша сақтау қоймалары мен кеден қоймаларын кәсібилендіру» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.Шараға уақытша сақтау қоймалары мен кеден қоймаларының иелері мен өкілдері қатысты.

Онда келесі мәселелер талқыланды – тауарларды сақтау бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру. Үй-жайлар мен аумақтарды жарақтандыру және жайластыру, іргелес аумақты абаттандыру, персоналмен жұмыс істеу, логотипі бар арнайы киіммен, бейдждермен жабдықтау, тасымалданатын байланыс құралдарын пайдалану жөніндегі ұсынымдар. Сақтауда орналастырылған тауарлардың сақталуы мен сапасын қамтамасыз ету. Клиенттердің қызмет сапасына қанағаттануы.

Кеден заңнамасын сақтау (тізілім қызметін жүзеге асыру шарттары, иесінің міндеттері мен жауапкершілігі, шарттық негіз, тауарларды есепке алу және оларды қоймадан шығару, есептілік, өткізу режимі).

УСҚ және кеден қоймалары иелерінің қызметіндегі проблемалық мәселелер.

Сондай-ақ шара барысында уақытша сақтау қоймалары мен кеден қоймалары иелерінің қызметіндегі мәселелер қаралды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/992311?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді