ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА БҚО-НЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ІССАПАРМЕН КЕЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
✔️Түркістан облысына Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов бастаған делегация арнайы іссапармен келді.
✔️Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ұйымдастыруымен өткен іссапардың мақсаты – Түркістан облысының ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсіп салаларындағы кәсіпкерлерімен тәжірибе алмасу.
✔️Осы орайда, Сырым ауданының іскерлік тобы Сайрам ауданындағы «Ет Агро Манкент» ЖШС, «Kaz Eco Meat» ЖШС ет комбинаттарымен және «Dala Fruit» ЖШС шырын шығару зауытын аралап, жұмыс барысымен танысты.
✔️Сапар барысында Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитовпен және жергілікті тұрғындармен кездесу өтті.
✔️Бұдан бөлек, Ордабасы ауданындағы «Бөрте Милка» ЖШС сүт фермасын, «JNRay» ЖШС текстиль фабрикасын және «BORTE ENGINEERING» сүт өңдеу құрал-жабдықтарын шығаратын зауытты аралады.
✔️Мұндағы мақсат – Сырым ауданының өңдеу өнеркәсібін одан әрі дамытып, өңірдегі арнайы экономикалық және индустриалды аймақтармен шағын өнеркәсіптік парктерінің жұмыс тәжірибесімен алмасу.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/992402?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді