«Tusem story» ЖШС-нің жұмысшыларымен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментімен әлеуметтік желіге жүргізген мониторинг барысында, Атырау қаласы, Кулманов көшесінде көп қабатты тұрғын үй салып жатырған тапсырыс беруші «Rams Qazaqstan» ЖШС-мен мердігер  «Tusem story» ЖШС-нің жұмысшыларымен еңбек қауіпсіздік талаптары сақталмағаны анықталды.

Осыған орай, департаментінің бөлім басшысы И.Игамбердиев, бас мамандар С.Төлегенов және Ж.Ураков ағымдағы жылдың 08.05.2025 жылы тапсырыс беруші «Rams Qazaqstan» ЖШС-нің өкілдері және мердігер мекемелердің жұмысшыларымен кездесіп, жазатайым оқиғаларды алдын алу мақсатында, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселері бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізді.

Оның ішінде, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі мен «Биіктікте жұмыс істеу кезінде еңбек қауіпсіздігін және оны қорғауды қамтамасыз ету» туралы қағиданың талаптары және одан туындайтын жауапкершілік мәселесі түсіндіріліп, алдағы уақытта тиісті шаралар қабылдап, қатаң сақтау тапсырылды. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-inspekciya/press/news/details/992342?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді