
Бүгін Ұлы Жеңістің 80-жылдығына орай Атырау облысы ҚХА «Светоч-Атырау» славян этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ты помни, никогда не забывай» атты тағылымды шара өтті.
Достық үйінде өткен кешке өңірдің тыл ардагерлері, жастар, этномәдени бірлестік өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.
Мерекелік шара Ұлы Отан соғысында қаза тапқан сарбаздарды бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Содан соң 1941–1945 жылдардағы оқиғаларға негізделген қойылымдар мен сахналық көріністер ұсынылып, көрермен ықыласына бөленді. Сонымен қатар, соғыс жылдарында Қазақстанның, оның ішінде Атырау (Гурьев) облысының Жеңіске қосқан үлесі туралы бейнероликтер көрсетілді.
Бұл кештің мақсаты – ерлік пен батырлықты ұлықтай отырып, өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік және патриотизм сынды қасиеттерді қалыптастыру, бейбіт өмірдің құндылығын ұғындыру.
Сондай-ақ шара түрлі ұлт пен ұлыстың тату тіршілігі, ортақ мақсатқа ұмтылған жарасымды ынтымағы – еліміздің басты құндылығы екенін көрсетуді көздеді.
Іс-шара Ұлы Жеңіс күнінің бейресми гимніне айналған «День Победы» әнімен қорытындыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/992821?lang=kk
Жауап қалдыру