
Ұлы Отан соғысы жылдарында тыл еңбеккерлері майдандағы жауынгерлермен иық тірестіре еңбек етті. Олар күндіз-түні тыным таппай, балалық шақтарын бейбітшілік жолындағы күреске арнап, Жеңіс Туын желбіретуге зор үлестерін қосты. Бүгінде осындай ерлігімен ел есінде қалған 52 алғалық тыл ардагері бар.
Аудан әкімі ардагерлерге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес «Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалін табыс етті.
– Сіздердің майдан шебінен тыс жерде көрсеткен қажырлы еңбектеріңіз – Жеңіске жетудің маңызды бір бөлігі. Тарих алдындағы осынау ерліктеріңіз ешқашан ұмытылмайды. Сіздер – жас ұрпаққа үлгісіздер, – деді аудан басшысы.
Әңгімелесу барысында ардагерлер көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдіріп, елдің амандығы мен бірлігінің баянды болуын тілеп, ақ баталарын берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-tamdy/press/news/details/992995?lang=kk
Жауап қалдыру