
Бүгін аудандық мәслихат төрағасы Жанат Шұғаев Павлодар ауданының әкімі Дидар Ибраевпен ауданымызда тұратын жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагері – Мария Алексеевна Матюшинаны Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады.
Құрметті ардагер қонақтарды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алып, алғыс сөзін айтып, құттықтау хатты оқып шықты.
Аудандық маслихат төрағасы Мария Алексеевнаның ерлігіне шексіз ризашылығын білдіріп, мықты денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тіледі. Мұндай кездесулер – қайсар рух пен ерлікке тағзым етудің айқын көрінісі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-audan/press/news/details/992147?lang=kk
Жауап қалдыру