Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 80 жылдық мерекесі күніне орай Алматы облыстық мәслихатының ұйымдастыруымен ерекше тағзым шарасы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ел жадында алтын әріптермен жазылған – Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 80 жылдық мерекесі күніне орай Алматы облыстық мәслихатының ұйымдастыруымен ерекше тағзым шарасы өтті. Мереке аясында облыстық мәслихаттың 38 депутаты Қонаев қаласы мен Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Ұйғыр аудандарында тұратын бес ардагерге арнайы барып, құрмет көрсетті.

Ардагерлерге шынайы алғыс пен ыстық ықылас ретінде шапан мен комзол кигізіліп, гүл шоқтары мен азық-түлік себеттері, 200 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық және Алғыс хат табысталды.

Бұл күн – тек еліміз үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін маңызды, әрі қайғымен, қуанышпен араласқан тарихи кезеңнің белгісі. 80 жыл бұрын қардай бораған оқ пен жалындаған оттың арасында, сан мыңдаған батырларымыз жанқиярлықпен Отан үшін қасық қандары қалғанша шайқасты.

Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі де – осындай ата-апаларымыздың жеңісінің арқасы.

Майдан даласында шайқасқан бабаларымыздың есімі мен ерліктері ешқашан ұмытылмайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-maslihat/press/news/details/992500?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді