ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІМЕН!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қымбатты Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, құрметті жерлестер!

Сіздерді шын жүректен Ұлы Жеңістің 80-жылдығымен құттықтаймыз!
Жеңіс жолында батылдық пен қайсарлықтың шынайы үлгісін көрсеткен азаматтардың ерлігі жадымызда мәңгі сақталады.

9 мамырдың төл тарихымыздағы орны ерекше. Бұл – жанқиярлықпен ел қорғаған аталарымыз бен әкелеріміздің, әжелеріміз бен аналарымыздың рухына тағзым ететін күн. Бұл – фашизмді жеңген ерлердің ерен ерлігін жадымызда жаңғыртатын күн.

Сұрапыл соғыста халқымыз күш-жігерін сарп етіп, орасан зор шығынға ұшырады. Майдангерлердің қаһармандығы мен қайсарлығының, тыл еңбеккерлерінің жанкештілігінің арқасында жеңіске жеттік. Елдің азаттығы мен ұрпақтың жарқын болашағы үшін жанын пида еткен боздақтарымызды мәңгі есте сақтау – қасиетті борышымыз.

Сіздерге зор денсаулық, амандық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілейміз.

Аспанымыз ашық болсын, ел іші аман болсын, бейбітшілік заман болсын!

Аудандық маслихат депутаттары

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-audan/press/news/details/992186?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді