ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тараз қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты мерекелік іс-шара өтті. «Жеңіс» саябағында ұйымдастырылған жиын Кеңес Одағының батыры, даңқты қолбасшы, халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды. Бұл тағзым сәті – өткенге деген құрметтің, ерлікке бас иудің белгісі ретінде жиналған көпшілікке зор әсер сыйлады.

Мерекелік жиын әрі қарай «Даңқ» залында жалғасын тапты. Мұнда жиналған жұртшылық Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай «Бауыржан Момышұлы» музейінің салтанатты ашылу рәсімінің куәсі болды. Музейдің қызыл лентасын облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, Әскери қайраткер, генерал-майор Сейітжан Қойбақов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев және Бауыржан Момышұлының немере баласы Бекет Момынқұл қиды

Музей экспозициясында Бауыржан Момышұлының жеке заттары, соғыс жылдарындағы фотосуреттері, қолжазбалары мен сирек кездесетін мұрағаттық материалдар көрермен назарына ұсынылды. Бұл тарихи орын келушілерге отансүйгіштік рух сыйлап, өткенді еске түсіретін тағылымды орынға айналары сөзсіз.

Іс-шара барысында Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы тарапынан ұйымдастырылған мазмұнды да мағыналы тақырыптық кітап көрмесі де көпшіліктің назарына ұсынылды. Қала тұрғындары мен қонақтары рухани байлықтың қайнар көзіне айналған көрмені тамашалап, ерекше әсер алып, таным көкжиегін кеңейтуге тамаша мүмкіндікке ие болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-cultura-arhiv/press/news/details/992656?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді