Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шеруге ІІМ жылдам қимылдайтын арнайы жасағының 160 қызметкері қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада Қазақстан Республикасының Президенті — Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Отан қорғаушы күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты әскери шеру өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шеруде ІІМ жылдам қимылдайтын арнайы жасағының 160 қызметкері жүріп өтті. Қорапты полиция ведомствосының арнайы және жұмылдыру даярлығы департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Сабыр Жүсіпбеков басқарды. Тәртіп сақшылары саптық дайындықтың, тәртіп пен ұйымшылдықтың жоғары деңгейін көрсетті. Тарихи іс-шараға қатысу олар үшін ардагерлер мен қаза тапқан батырларға деген құрметтің белгісіне айналды. Айта кету керек, шеруге Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланының 400-ден астам әскери қызметшісі де қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-ulytau/press/news/details/991807?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді