Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Мәңгілік тағзым» тақырыбындағы көрме өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көркемөнер галереясында 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған «Мәңгілік тағзым» тақырыбындағы көрме өтті.

Көрмеге әртүрлі жанрдағы 20-дан астам көркем туынды мен фотосуреттер қойылып, зұлмат соғыс жылдарындағы ерлік пен елдіктің рухын бейнелейтін көріністер жұрт назарына ұсынылды.

Шараның ашылуында «Алтын жас» ансамблі Ұлы Отан соғысы тақырыбында әсерлі сахналық қойылым көрсетті. Көрменің ашылу салтанатына қала тұрғындары, мектеп оқушылары мен студенттер қатысып, жалпы саны 93 адам рухани әсер алып, тарихи тағылыммен сусындады. Көрме соңында экскурссия жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/992229?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді