Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Жаңасемей аудандық мәслихатының депутаты Қазанбекова Тоғжан Құмарқызы мен Жаңасемей ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді және спорт бөлімінің басшысы Кемербаев Роллан Амантайұлы Абыралы және Қараөлең ауылдық округтерінің тыл ардагерлерін арнайы барып құттықтап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мерекелік медальдар табыстады.
Бұл – ерлік пен еңбекке көрсетілген құрмет, ұрпақтар сабақтастығының үлгісі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhanasemey/press/news/details/992151?lang=kk
Жауап қалдыру