Ұрпақ Жадындағы Ұлы Жеңіс

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ауданда “Ер есімі – ел есінде” ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті.

Салтанатты шараға аудан әкімі Ардақ Ибраимов бастаған бір топ тыл және еңбек ардагерлері, аудандық мәслихат төрағасы мен мәслихат депутаттары, құқық қорғау орган басшылары, Ауған соғысының ардагерлері, “Невада–Семей” антиядролық қозғалысына қатысқан ардагерлер, жастар және аудан тұрғындары қатысты.

Жиналған қауым сұрапыл соғыста ерлікпен қаза тапқан боздақтар рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Шара барысында алдымен Ұлы Жеңіс жолында құрбан болған батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, Құран бағышталды.

Ресми деректерге сүйенсек, ауданнан Ұлы Отан соғысына 2316 азамат аттанған. Олардың 695-і ғана елге аман-есен оралып, 1621 жауынгер майдан даласында ерлікпен қаза тапты. Сүйектері жат жерде қалса да, олардың есімі ел жадында мәңгілік сақталады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash/press/news/details/992971?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді