Жүктілік және босану бойынша әлеуметтік төлемдер қағидаларындағы өзгерістерді түсіндіру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 08 мамырда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті  «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Анар Сағымбайқызы Жүнісованың қатысуымен «Zoom» қосымшасы арқылы «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2025 жылғы 18 наурыздағы № 80 бұйрығына сәйкес 2023 жылғы 27 маусымдағы № 248 Жүктілік және босану, сондай-ақ бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау қағидаларына өзгерістер туралы» тақырыпта семинар өткізді.

Семинарда жүктілік және босану бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау және ұсыну тәртібі мәселелері талқыланды. Орташа жалақыны сақтай отырып, жұмысшыларға декреттік демалыс төлемдерін төлеу мәселесіне ерекше назар аударылды.

Енгізілген өзгерістер егжей-тегжейлі түсіндірілді, сондай-ақ қатысушылар заңнама нормаларын іс жүзінде қолдануға байланысты сұрақтарына жауаптар алды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-enbek/press/news/details/992236?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді