
Адам жанын емдеп, жүрекке жылу сыйлайтын, мейірім мен жанашырлықтың символына айналған мейіргерлерге арналған ерекше мерекеге орай Ұлытау облысы денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастырумен 2025 жылғы 12 мамырда «Жезқазған қ. медициналық орталығы» ЖШС мәжіліс залында салтанатты іс шара өтті.
🔹Ұлытау облысының медициналық мекемелерінде бүгінгі күні барлығы 2350 орта медициналық қызметкерлер, оның ішінде 1960 мейіргерлер еңбек етеді. Әрбір медициналық ұйымда орта медициналық персонал – мамандардың ең үлкен және мобильді ұжымы десек артық айтпаймыз. Қазіргі уақытта мейіргер өзі шешім қабылдайтын, дәлелді күтімді жоспарлайтын және жүзеге асыратын, оны құжаттамада көрсететін дәрігердің тең құқылы серіктесі болып табылады.
🔹 жиында сөз сөйлеген Ұлытау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ляззат Ранова қазіргі кезеңде Дүниежүзілік денсаулық ұйымы мейіргер ісі мамандарын халықтың қол жетімді медициналық көмекке деген өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандырудың нақты әлеуеті ретінде қарастыратынын атап өтіп, ізгі тілектері мен ризашылығын жеткізді.
🔹 еңбегі және кәсіби шеберлігімен көзге түскен ізгілігі мол мамандық иелеріне құрмет көрсетіліп, марпаттау рәсімі өткізілді.
Денсаулық сақтау саласындағы ұзақ жылғы еңбегі мен ғылыми-тәжірибелік жемісті еңбегі үшін, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен Жезқазған қаласы емханасының жалпы тәжірибелі мейрігері Н.Қ.Сұрап және медицина саласын дамытуға қосқан зор үлесі және қол жеткізген табыстар үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен Сәтбаев қаласының емханасының жалпы тәжірибелі мейрігері Қ.Б.Ақжігіт мараптталғанын қуанышпен хабарлаймыз.
Сонымен қатар, денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесі мен мінсіз адал еңбегі үшін ҚР Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасы Жаңаарқа ауданының көпбейінді орталық аудандық ауруханасының мейіргері Қ.Б.Имантүсіпке, Ұлытау ауданының ауруханасының мейіргері Р.С.Дүйсембайға, Сәтбаев қаласы емханасының мейіргерлері А.М.Барлыбайға, А.А.Ахметке, Жезқазған қаласының облыстық көпбейінді аураханасы аға мейіргергі А.У.Оралбайға табысталды.
Ұлытау облысының қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны және әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі мен адал еңбегі үшін Ұлытау облысының Құрмет грамотасы және Ұлытау облысы әкімінің Алхыс хатын «Жүрек» ЖШС мейрігері С.М.Сулейман, «Жезденсаулық» ЖШС мейрігері Ж.С.Домбай, «Бексейтова» ЖШС мейрігері Т.М.Нұрмағанбет, «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС аға мейіргері Г.Т., Мырзахмет, Облыстық көпбейінді ауруханасының аға мейрігері Қ.С.Бурамбаева иеленді.
🔹Медицина қызметкерлерінің Респбуликалық «Сенім» кәсіподақ ұйымы тарапынан қошемет көрсетіліп, марапаттар табысталып, мейіргерлер мерейін асқақтата түсті. Мейіргерлер ісінің ардагерлеріне гүл шоқтары табысталып, мерекелік көңіл күй сыйланды.
🔹Құрметті мейіргерлер, сіздерді кәсіби мереке – Халықаралық мейіргерлер күнімен құттықтаймыз!
Сіздерге ерен еңбектеріңіз, шипалы алақандарыңыз, мейірімді жүректеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз! Кәсіби біліктіліктің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер.
Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін! Мықты денсаулық, отбастарыңызға амандық, береке – бірлік тілейміз!
Мереке құтты болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-zhezkazgan/press/news/details/993410?lang=kk
Жауап қалдыру