
Жеңіс күні Аққайың ауданында: Жад мәңгі тірі
9 мамырда Аққайың ауданында жаңартылған «Даңқ» мемориалына гүл шоқтары мен веноктар қою рәсімі өтті. Ауданымыздан шақырылған 5 500-ден астам жауынгердің есімі жазылған бұл мемориал – бейбіт аспан үшін жанын қиғандарға деген терең құрмет пен алғыс белгісі.
Аудан тұрғындары, ардагерлер, оқушылар мен қонақтар батырларды бір минут үнсіздікпен және жүрекжарды сөздермен еске алды.
Жиналған жұртшылыққа аудан әкімі Жанар Поселкеқызы Құсайын мен ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Қасымұлы Мұстафин сөз сөйлеп, тарихи жадымызды сақтау маңыздылығын атап өтіп, ардагерлерге алғыстарын білдіріп, баршаға бейбіт өмір мен амандық тіледі.
Мерекелік шаралар Ұлы Отан соғысының беттерін қайта жандандырған театрландырылған көрініспен және салтанатты концерттік бағдарламамен жалғасты.
Туған жерден шыққан қаһармандардың ерлігі ұрпақ жүрегінде сақталып, бейбітшілік пен бірлікке шабыт берсін!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-akkayiyn/press/news/details/993351?lang=kk
Жауап қалдыру