Абай облысында соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Абай облысының әкімі Берік Уәли соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің шаңырақтарына арнайы барып, олардың сұрапыл соғыс жылдарындағы ерлігі үшін алғыс білдірді. Құттықтау шарасына облыстық мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков те қатысты.

Аймақ басшысы ардагерлерге Президенттің құттықтауын оқып, мерейтойлық медальмен бірге 5 миллион теңге көлеміндегі сертификат пен әкімдік атынан арнайы сыйлық табыстады.

Құрмет көрсетілген ардагерлердің қатарында – өткен жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені табысталған 104 жастағы «Халық Қаһарманы» Әбдіғали Қаймолдин бар.

Семей облысы Абыралы ауданы Ұзынбұлақ ауылының тумасы Ә.Қаймолдин 1941-1945 жылғы 9 мамыр аралығында Сталинград, 1-Украина, 1-Беларусь,
3-Балтық майдандарында шайқасты. 1946 жылдың маусым айында әскер қатарынан босатылған.

Сондай-ақ, Польша мен Чехословакиядағы ұрыстарға қатысқан Иван Шевцовтың да еңбегі ескеріліп, лайықты құрмет көрсетілді.

Кездесу барысында ардагерлер облыс басшылығына көрсетілген құрмет үшін ризашылықтарын білдіріп, барша қазақстандықтарға ашық аспан мен амандық тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-abay/press/news/details/993360?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді