Ғаламтор, әлеуметтік желі алаяқтардың оңай олжаға кенелер ортасына айналғандай, бөтеннің мүлкін алаяқтық жолмен жымқыру тым жеңіл болып кеткендей.
А.ж. 3 айында Тұран ауданы бойынша алаяқтық санатындағы қылмыстық құқық бұзушылықтың жалпы 119 дерегі орын алса, оның ішінде 51-і интернет алаяқтық.
Бұл дегеніміз аудан бойынша жалпы тіркелген қылмыстық құқық бұзуышлықтардың 34%-ы алаяқтықты құрайды.
Алаяқтартарды осы қылмысқа итермелейтін жағдай -ол оңай ақша табу жолы деп біледі және көбіне олар өз дегендеріне жетіп, сенгіш адамдарды пайдаланады. Алғашқыда бір-екі рет «жолы болып», өтірік уәде беріп, өзге біреулердің ақ-адал қаржысын иемденіп кетеді.
Дегенмен қылмыстың өтеуі жаза демекші, түбінде жасаған қылмыстары әшкере етіліп, заңдылықпен жазаланады.
Атап айтқанда, а.ж. 3 айында Тұран ауданы полиция басқармасымен алаяқтық санатында тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілген 41 қылмыстық іс бойынша тиісті сот актілері қабылданған.
Бүгінгі күн «Қазаннан қақпақ кетсе, адамнан ұят кетеді» деген заман. Нарық билеген қоғамда адамдар ақша табу үшін неше түрлі айла-амалдарға баруда, оның ішінде алдап, арбау арқылы ақша табатындардың жолы болып тұр.
Бұл ретте Тұран аудандық прокуратурасы алаяқтықтан сақтану үшін келесідей кеңестерді ұсынады:
– Банк картаңыздың деректерін, картаның сыртқы жағындағы 3 санды СVV/CVC-кодын ешкімге айтпаңыз;
– Туындаған сұрақтар бойынша ресми ақпарат алу үшін мемлекеттік органдарға, екінші деңгейдегі банктер мен заңды тұлғалардың ресми өкілдеріне жүгінуге тырысыңыз.
– Жеке куәлік және дербес деректерді қамтитын құжаттарыңызды ешкімге жібермеңіз;
– Алаяқтардың құрбаны болған жағдайда дереу құқық қорғау органы қызметіне жүгініңіз;
Тұран ауданының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/993273?lang=kk
Жауап қалдыру