Қазақстанда алимент кәмелетке толмаған балаларға қаржылық қолдау көрсетуге бағытталған отбасы құқығының маңызды бөлігі болып табылады.
2025 жылдың өткен кезеңінде Тұран ауданы прокуратурасының қадағалау актілерін қарау нәтижелері бойынша жеке сот орындаушылармен 70 миллион теңгеден астам қарыз берешегін өндіруге бағатталған шаралар қабылданды, алимент төлемеген 8 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Сондай-ақ, аудан прокуратурасы балаларды асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша 7 қылмыстық істі тіркеуге бастамашы болды.
Мысалы, «Р.» борышкер 2023 жылдан бастап алимент төлемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанына қарамастан алимент төлеуден жалтарғаны үшін ағымдағы жылдың сәуір айында соттың үкімімен 1,5 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.
Тұран аудандық прокуратурасы алимент төлеуден жалтарғаны үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің» 669-бабының 1-бөлігімен бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы, ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабымен алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертеді.
Тұран ауданының прокуратурасы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/993675?lang=kk
Жауап қалдыру