
Ақмола облысы ТЖД бастамасымен өңірлік коммуникация қызметінің алаңында брифинг өтті.
Құтқарушылар 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымының өтуі туралы ақпаратты ұсынды. Осы кезеңде облыста 328 өрт тіркелді, залал 46 миллион теңгені құрады. Өрттің негізгі пайызы жеке тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстарына тиесілі. Өрттердің көбісі пештерді пайдалану ережелерінің бұзылуына, одан әрі рейтингте электр сымдарын орнату ережелерінің бұзылуына байланысты болды.
Жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстар туралы айтылды. Негізінен бұл тәуекел тобындағы отбасыларға бару, профилактикалық әңгімелер жүргізу. Аймақта 1836 көміртегі тотығы датчигі орнатылған және олар бірнеше адамның өмірін сақтап қалды.
Сондай-ақ, биыл арнайы техниканың өтуіне кедергі келтіретін құрылғыларды (бетон блоктарын) бөлшектеу бастамасы басталды.
Ақмола облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-akmola/press/news/details/993240?lang=kk
Жауап қалдыру