
Ағымдағы жылы облысымызда 806,4 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұл алаңның 458,3 мың гектары дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарға, 67,3 мың гектары майлы дақылдарға, 274,0 мың гектары жемшөп дақылдарына, сондай-ақ 3,5 мың гектары картоп пен 3,3 мың гектары көкөніс-бақша дақылдарына бөлінетін болады.
Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, егіс науқанын сәтті жүзеге асыру үшін қажетті 51 мың тонна тұқыммен диқандар толық қамтамасыз етілген. Сондай-ақ көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін 6,2 мың тонна дизель отыны бөлінді, бұл шаруалардың қажеттіліктерін толық өтейді. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отынының құны литріне 253 теңгені құрайды, бұл нарықтық бағадан 15% – ға төмен.
Ауыл шаруашылығы өндірушілерімен минералды тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын сатып алу мәселелері бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Аграрлық құрылымдарды қолдау мақсатында жергілікті бюджеттен өсімдік шаруашылығын субсидиялауға 1,2 миллиард теңге бөлінді.
Қосымша “Кен дала-2” бағдарламасы шеңберінде “Аграрлық кредиттік корпорация” АҚ және “Ақтөбе” ӘКК арқылы жылдық сыйақы мөлшерлемесі небәрі 5% болатын егіс науқанын кредиттеу бағдарламалары іске асырылуда. Бүгінгі таңда 5,3 миллиард теңге сомасына өтінімдер мақұлданды, оның ішінде 4,7 миллиард теңгеге несиелер берілді. Өтінімдерді қабылдау жалғасуда.
Қазіргі уақытта облыста көктемгі егіс жұмыстары сәтті басталды. Жалпы, оларды белгіленген кестеге сәйкес өткізу жоспарлануда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/993612?lang=kk
Жауап қалдыру