
7 мамыр күні Елордамыз Астана қаласында Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтті.
Осы шеруге әр облыстан делегеция шақырылды. Біздің облыстан парадқа аудандық, қалалық ардагерлер ұйымдарының төрағалары және облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шөкеев Рымтай Шөкейұлы қатысты.
Делегацияны облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы төрағасының орынбасары Раисова Айнұр Мақсұтқызы басқарып барды.
7000 адам шақырылған парад рухты көтеріп, асқақ абырой сыйлады.
Еліміздің мәртебесі қашанда жоғары болсын! Бейбітшілігіміз мәңгілік болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bayanaul/press/news/details/993286?lang=kk
Жауап қалдыру