
2025 жылдың 8 мамырында департамент басшысы З. Гумарова Казталов ауданына іссапармен барды.
Іссапар аясында ол Казталов ауданы білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында З. Гумарова білім беру ұйымдарында жүргізілген бақылау шараларының қорытындылары, білім сапасы, сондай-ақ мекемелердегі қауіпсіздік мәселелері жөнінде баяндама жасады.
Сонымен қатар, ол білім беру ұйымдарында орын алуы мүмкін тәуекелдерге де тоқталып, олардың алдын алу жолдары туралы айтып өтті.
Кездесу соңында департамент басшысы білім беру ұйымдары басшылары тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Сапар аясында департамент басшысы жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқан Қараөзен мектеп-лицейінің күрделі жөндеу барысымен де танысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-zko/press/news/details/992452?lang=kk
Жауап қалдыру