
Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы – майданда елі мен жерінің бостандығы үшін жан аямай, жауға төтеп берген, табанды да қайсар мінезді жауынгерлеріміздің және тылда тынымсыз еңбек еткен ағаларымыз бен апаларымыздың ерен ерлігінің, биік рухының мерекесі.
Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі. Ұрпақтың еске алуы мен құндылықтардың сабақтастығы – бұл жанқиярлықпен жеңiске жеткен майдангерлердiң алдындағы қасиеттi борышымыз.
Ұлы мерекеге орай, Сарысу аудандық мәслихатының төрағасы Шаттық Мұсабеков, Жаңатас қаласының әкімі Ілияс Домалақов пен Жаңатас қаласы әкімінің орынбасары Мұхамедқали Бегеев Жаңатас қаласындағы тыл ардагерлерінің шаңырағына арнайы барып, «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалін табыстады. Сондай-ақ, арнайы құттықтауларын жеткізіп, мерекелік сый-құрмет көрсетті.
Бiздiң елiмiз бен бүкiл адамзат үшiн жасаған тыл ардагерлерінің барлық ерлiк iстерi, ауыр күндердегі адал еңбектері мен белсенді азаматтық ұстанымдары үшiн тағзым етемiз және үлкен ризашылығымызды бiлдiріп, жан аямас жаужүректілігі мен ерен еңбектеріне әрдайым құрметпен бас иеміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-sarysu/press/news/details/993364?lang=kk
Жауап қалдыру