Көксу аудандық кітапханасында Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған патриоттық кеш өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көксу аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен Кеңес Одағының Батыры, Ұлы Отан соғысының даңқты қолбасшысы, жазушы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай «Аты – аңыз, сөзі – нақыл, өзі – Батыр Бауыржан» атты патриоттық кеш өткізілді.

Шара барысында кітапханашы Т.Сатыбалдиева батырдың өмір жолы мен шығармашылығы туралы мазмұнды ақпарат беріп, оның соғыстағы ерлігі, әскери тактикасы мен қолбасшылық шеберлігі жайлы қызықты тарихи деректермен бөлісті.

Кеш аясында оқушылармен сұрақ-жауап ұйымдастырылып, олар Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерліктері туралы білімдерін көрсетті. Іс-шара соңында «Аты аңызға айналған Батыр» атты кітап көрмесі таныстырылып, қатысушылар назарына ұсынылды.    

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu/press/news/details/993875?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді