
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Майкөмген мәдениет үйінде “Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс” атты мерекелік шара өтті. Шара №17 мектеппен бірлесе ұйымдастырылды. Алдымен бір минут үнсіздік жарияланып, ауыл әкімінің құттықтауымен басталған шарада Майкөмген ауылынан соғысқа аттанып, тылда еңбек қылған ата-әжелерді еске алуға арналған бейнебаян көрсетілді. Одан әрі мектеп оқушыларының тамаша өнерлерімен жалғасын тапты.
Батырларымыздың ерлігі мәңгі есімізде, еңбектеріне тағзым ете отырып болашақта соғыс болмасын деп тілек етеміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-zhylyoy-mikomgen/press/news/details/993543?lang=kk
Жауап қалдыру