Мемлекеттік қызметшілерге арналған діни қауіпсіздік бойынша профилактикалық семинар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 2 мамырда ақпараттық-түсіндіру жұмысы және Әдеп жөніндегі уәкілдердің үлгілік жұмыс жоспарының 2.8-тармағын іске асыру шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің қызметкерлері үшін семинар өтті. Іс-шараның спикері СҚО ДІБ Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының теологы болды.

Кездесудің бірінші бөлігінде қатысушыларға дін саласындағы заңнаманың жай-күйі туралы өзекті мәліметтер ұсынылды. Спикер діни бірлестіктердің қызметін реттейтін құқықтық нормаларды және осы саладағы бұзушылықтар үшін жауапкершілікті егжей-тегжейлі түсіндірді.

Семинардың екінші бөлімінде қатысушылар радикалды діни ағымдарға тарту тетіктерімен және белгілерімен танысты. Талқылауға қолданылатын идеологиялық және психологиялық әдістерді талдау, сондай-ақ нақты жағдайлардың мысалдары кірді.

Іс-шараның қорытынды блогы ашық диалог форматында өтті. Оның барысында қатысушыларға барлық сұрақтарға толық және мазмұнды жауаптар берілді. Кездесу қорытындысы бойынша конфессияаралық келісімді нығайтуға және діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған практикалық ұсынымдар берілді.

Мұндай іс- шараларды өткізу мемлекеттік қызметшілер арасында деструктивті ықпалға тұрақты иммунитетті қалыптастыруға және құқықтық сана деңгейін арттыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-udr/press/news/details/993765?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді