
«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Мирный кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде №18 орта мектептің 7 сынып оқушыларының қатысуымен Ұлы Жеңіске 80 жыл толуына орай «Обелисктегі есімдер» атты еске алу күні өткізілді.
Шара барысында кітапхана қызметкері Ұлы Отан соғысы шежіресінде ерліктің шынайы беттері жазылған Жеңістің 80 жылдығы Қазақстан халқы үшін маңызды тарихи оқиға екенін атап өтті.
Еске алу күнінде шара қатысушылары Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованы, сондай-ақ жерлес батырлар Қ.Аухадиев, Н.Силин және басқа да Кеңес Одағының батыры атағын алған семейліктерді еске алып, құрмет көрсетті.
Оқушылар ҰОС кезінде ерлік пен батылдықтың, шыдамдылықтың үлгісін көрсеткен өздерінің ата-бабалары жайлы айтып, «Землянка», «Катюша» әндеріне соғыс кезеңіндегі күнделікті өмірдің бір сәтінен көрініс көрсетті.
Іс-шара соңында оқырмандар назарына отандастарымыздың қастерлі де қымбат барлық құндылықтарды қорғау жолындағы ерен ерлігі мен жанқиярлық істері баяндалған «Ұлы Жеңіске 80 жыл» атты кітап көрмесі ұсынылды.
Қалалық орталық кітапхана

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/993593?lang=kk
Жауап қалдыру