
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жеңіс мерекесіне орай Даңқ залында соғыс ардагерлерін құттықтады. Аймақ басшысы қарт майдангерлерге құрмет көрсетіп, Мемлекет басшысының арнайы Құттықтау хатын оқып берді. Иван Макеев 1927 жылы дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін Забайкалье майданында ерекше мақсаттағы радиодивизионның барлаушысы қызметін атқарды. Харбин, Мукден, Чань-Чюнь қалаларын азат ету шайқастарына қатысты. Ішкі істер саласында жауапты қызметтерді абыроймен атқарған. Отан соғысы орденімен, бірқатар мерекелік медальдарімен марапатталған. Григорий НЕЩЕРЕТНЕВ 1921 жылы 22 қарашада Луговой ауданының Каменка аулында дүниеге келген. 1941 жылы әскерге алынып, майданда аға сержант, бөлімше командирі, батерея старшинасы болып шайқасқан. Ленинград қоршауын бұзуға, Новогород қаласын азат етуге қатысып, Псковқа дейін жеткен. Волхов майданында 501-ші миномет полкі құрамында шайқасқан. Ұрыста ауыр жараланып, емделгенен кейін әскер қатарынан босатылған. Соғыстан кейін 2-ші топтағы мүгедек екеніне қарамастан, көлік жүргізушісі болып еңбек еткен. Еңбек ардагері. Жауынгерлік және бейбіт кезеңде алған марапаттары бар.
Шалданбай Шанбаев 1924 жылы 10 ақпанда Луговой (қазіргі Т.Рысқұлов) ауданының Жаңатұрмыс аулында дүниеге келген. Меркі аудандық әскери комисариатынан 1942 жылы 15 тамызда әскерге алынған. Соғыстың соңына дейін ішкі істер әскерлерінің 227 полкі құрамында майданда болып, соғыс біткен соң да әскер қатарында қалдырылған. Елге 1949 жылы оралған.Трактор бригадасының бригадирі, санақшы болып істеді.1959 жылдан 1984 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін «Жаңатұрмыс» колхозында есепші, бас есепшінің көмекшісі болған. II дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Маршал Жуков», және мерекелік медальдермен марапатталған.
Сондай ақ, бұл күні облыс әкімі ҰОС ардагерлері Мүтәліп Ережепбаевтың және Геннадий Ивановтың шаңырағына барып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sayasat/press/news/details/992549?lang=kk
Жауап қалдыру